Қазақстаннан шыққан премиум оверсайз

Оверсайз бомберлер

Оверсайз сұлба, тығыз мата және қазақ оюы негізіндегі авторлық принттер. Әр модель шектеулі санмен шығады.

BAY бомберін қалай таңдау керек

BAY бомберлері оверсайз тігіледі: иық сызығы еркін, жең көлемді, денеге жабыспайды. Мұндай пішім кез келген денеге бірдей отырады, сондықтан бүкіл желі унисекс. Екі өлшемнің арасында таңдай алмасаңыз, кішісін алыңыз — көлем пішімге бұрыннан салынған.

Принттер мен кестелер қазақ оюына негізделген: тұмар, қошқар мүйіз, күн белгілері — заманауи графикада қайта оқылған. Топтамалар шектеулі шығарылымдармен жарыққа шығады, таусылған өлшем қайта басылмайды. Бомберді Алматы, Астана, Орал және Атырау шоурумдарынан алуға немесе жеткізумен тапсырыс беруге болады.